Алматыда такси үшін электромобиль сатып алуды қаржыландырады

     «Almaty Finance» ЖШС қала экологиясын жақсарту бойынша бастамаларды қолдау аясында алматылық такси компанияларының электр көліктерін сатып алуын қаржыландырды. Осылайша, «Almaty Finance» компаниясынан осы мақсаттарға бірінші болып «Sharaina Food» ЖШС және «Kazzr» ЖШС несие алды: тиісінше 335 және 150 миллион теңге. Несиелер жылдық 6 пайыздық жеңілдікпен берілді. Алынған қаражатқа кәсіпорын такси қызметін көрсету үшін 54 жаңа электромобиль сатып алып, 27 жаңа жұмыс орны ашылады.

     «По итогам 2023 года автотранспортные средства выбросили в атмосферу городу 112 тыс. тонн вредных веществ. Только в сфере такси, по разным оценкам, в мегаполисе зарегистрировано свыше 80 тыс. водителей. Со стороны АО «СПК «Алматы» и ТОО «Almaty Finance» для таксопарков созданы выгодные финансовые условия для поэтапного перехода на электромобили. Такой переход впоследствии поспособствует улучшению качества воздуха в мегаполисе, а также созданию новых экономических возможностей для города», – отметил председатель правления СПК «Алматы», Канат Балыкбаев.

     Еске салсақ, биыл шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Республиканың кейбір заңнамалық актілеріне көлікті және электрмен жүретін көліктер инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Заң елімізде экологиялық таза көлікті кеңінен насихаттауға және электромобильдер инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

     Заңнамалық деңгейде көлік құралдарының түрлерін анықтау үшін «электромобиль» түсінігі енгізілді; жергілікті атқарушы органдардың такси тұрақтарын электр зарядтау станцияларымен ұйымдастыру және жабдықтау жөніндегі функциялары айқындалды.
     
     Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» ілеспе заңға қол қойды, ол электр көліктерін зарядтауға арналған орындарда көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізеді.