Warning: Undefined array key 1 in /var/www/vhosts/almatyfinance.kz/newalmatyfinance.kz/wp-content/plugins/quick-interest-slider/quick-interest-slider.php on line 1058

Басқарма

Сулеева Айганым Нуржановна  

Басқарма төрағасы

Басқарма төрағасы болып 2024 жылғы 9 ақпанда тағайындалды.

Айганым Нуржановнаның қаржылық кеңес беру және тікелей инвестициялар саласындағы кәсіби тәжірибесі 12 жылдан астам.

КПМГ және Делойт компанияларында мәлімелерді қолдау жөніндегі кеңесші ретінде қаржылық, коммерсиялық, салықтық, құқықтық, стратегиялық және операциялық аспектілерді қоса алағанда, компанияларды және жобаларды жан-жақты, кешенді талдау тәжірибесі бар.

Фонд фондов прямых инвестиций Казына Капитал Менеджмент (қазіргі Qazaqstan Investment Corporation) және Фонд прямых инвестиций CITIC Kazyna Investment Fund I -квазимемлекеттік сектор компанияларында Инвестициялық директор қызметіндегі жұмысының арқасында перспективті жобаларды іздеу, оларды жан-жақты талдау және бағалау, құрылымдау, келіссөздер жүргізу, коммерсиялық шарттарды анықтау, сондай-ақ инвестициялаудан кейінгі бақылауды қоса алғанда, M&A мәлімелері шеңберінде толық инвестициялық процесті жүзеге асыру тәжірибесін жинақтады. Сондай-ақ инвестициялық қорларды құру және оларды басқару тәжірибесі бар.

Айганым Нуржановнаның бизнесті басқару және бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша қаржы саласында бакалавр дәрежесі бар (KIMEP University).

Игенов Жулдыз Серикович

Басқарма төрағасының орынбасары

Басқарма мүшесі болып 2023 жылғы 1 ақпанда тағайындалды.

Кәсіпкерліктің несиелеу бойынша сұрақтарын қадағалайды. Кәсіби еңбек жолын 2010 жылы банк секторында бастады. Әр жылдары «Евразиялық банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ и «Asia Credit Bank» АҚ-да орта және ірі бизнесті несиелеу бөлімшелерінде жұмыс істеді. 2014 жылы «RG Brands» АҚ-да корпоративтік қаржы менеджері болып жұмыс атқарды, онда халықаралық даму институттарынан қаржыландыруды тарту мәселелеріне жетекшілік етті. 2016 жылғы наурыздан 2023 жылғы қаңтарға дейін «Алматы » әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацмясы» АҚ-да инвестициялық жобаларды басқару департаментінің Директоры және Қаржы департаментінің Директоры қызметін атқарды.

2020 жылы «Royal Holloway University of London» үздік бітіріп, қаржылық менеджмент магистрі дәрежесін алды.

Игазина Жанна Камбаровна

Құқықтық қамтамасыз ету Департаментінің директоры/Басқарма мүшесі

Басқарма мүшесі болып 2024 жылғы 27 мамырда тағайындалды.

Компанияның құқықтық мәселелеріне әкімшілік етеді және құқықтық қамтамасыз ету Департаментінің жұмысын бағыттайды және қадағалайды.

Квазимемлекеттік сектордағы жалпы еңбек тәжірибесі 17 жылдан астам, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ құрылымында еңбек тәжірибесі 10 жыл. Инвестициялық қызметті, жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды басқару қызметін, оның ішінде кен орындарын игеру және тау-кен байыту кешендерін салу кезінде құқықтық қолдау көрсетті, M&A мәлімелерін (қосылу/бірігу) қамтамасыз етті, компанияларды тіркеу, қайта тіркеу, тарату, банкроттық, корпоративтік басқару саласында тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, оның талап қою жұмыстарында, соның ішінде шетелдік компанияларға қарсы сотта компанияның мүддесін қорғауда табысты тәжірибесі бар.  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде және Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде білім алды.