Басқарма

Кусаинов Берик Куанышевич
Басқарма төрағасы
Басқарма Төрағасы болып сайланған уақыты – 17 ақпан 2025 жылы.
Жалпы отыз жылдан аса мемлекеттік, квазимемлекеттік және жекеменшік секторларында еңбек еткен.
Кәсіби қызметін Қазақстан Республикасының салық органдарында бастаған. Әр кездерде мұнай, банк салаларында және ірі жекеменшік компанияларында жұмыс жасаған. «Темір Банк», «БТА Банк», «Казпошта» акционерлік қоғамдардында басшы лауазымдарында болған.
Бизнес структураларында басқару дағдысы мен тәжірибесі мол, «Экономика» және «Бухгалтерский учет и аудит» мамандығы бойынша қос жоғары білімі бар.
Халықаралық IBS School Бизнес мектебінің «Бизнесті басқару докторы» дәрежесінің иегері.

Оспанов Эмиль Толегенович
Басқарма төрағасының орынбасары/басқарма мүшесі
2025 жылдың 8 мамырдан бастап — Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Жиырма жылдан астам банк саласында қызмет еткен, Қазақстан Республикасы экономикасының нақты секторындағы несиеленудің тәукелдерін басқаруда жұмыс жасаған. Әр кездері «Қазақстан Халық банкі», «Казкоммерцбанк», «Азия Кредит Банк», «Altyn Bank», «Евразийский банк» акционерлік қоғамдарында әр түрлі лауазымдарында болған.
Білімі: Жоғары экономикалық (Қазақ Басқару Академиясы, 2000 ж.)
Білімі жоғары, экономика саласы, мамандығы: Қаржы мен несие, экономист-қаржыгер (Банк қызметі).
2023 жылдан бастап квазимемлекеттік секторындағы «СПК Алматы» акционерлік қоғамында жұмыс жасайды.
Қазақша, орысша, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Мукашев Дастан Амангельдинович
Басқарма төрағасының орынбасары/басқарма мүшесі
2025 жылдың 8 мамырдан бастап — Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Жиырма жеті жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.
Еңбек қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында бастаған. Банк жүйесінде, бірінші және екінші деңгейдегі банктерінде, даму институттары, квазимемлекеттік және жекеменшік секторларында ұзақ жылдары қызмет еткен.
Білімі жоғары, «Халықаралық экономикалық қатынастары» мамандығы бойынша.
Астана қаласындағы «Спорттық балық аулау» қоғамдық бірлестігінің президенті және тең құрылтайшысы, спорт шебері мен спорт төрешісі, және белсенді қоғам қызметкері.
«Ақ-Бидай-Терминал» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі мен тәуелсіз директоры.

Игазина Жанна Камбаровна
Құқықтық қамтамасыз ету Департаментінің директоры/басқарма мүшесі
Басқарма мүшесі болып 2024 жылғы 27 мамырда тағайындалды.
Компанияның құқықтық мәселелеріне әкімшілік етеді және құқықтық қамтамасыз ету Департаментінің жұмысын бағыттайды және қадағалайды.
Квазимемлекеттік сектордағы жалпы еңбек тәжірибесі 17 жылдан астам, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ құрылымында еңбек тәжірибесі 10 жыл. Инвестициялық қызметті, жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды басқару қызметін, оның ішінде кен орындарын игеру және тау-кен байыту кешендерін салу кезінде құқықтық қолдау көрсетті, M&A мәлімелерін (қосылу/бірігу) қамтамасыз етті, компанияларды тіркеу, қайта тіркеу, тарату, банкроттық, корпоративтік басқару саласында тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, оның талап қою жұмыстарында, соның ішінде шетелдік компанияларға қарсы сотта компанияның мүддесін қорғауда табысты тәжірибесі бар.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде және Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде білім алды.