«Almaty Finance» тамақ өнеркәсібіндегі жобаны қаржыландырады
Дочерняя организация АО «СПК «Алматы», ТОО «Almaty Finance» профинансировало в Алматы запуск первого в Казахстане цеха по производству мини-моркови сорта «Baby Carrots». Из выделенных заемщику, ТОО «Эко Сани Грин» 124 млн. тенге, 99 млн. будут направлены на приобретение оборудования и ремонт помещения, 25 млн. – на пополнение оборотных средств.
Жоба «Almaty Business-2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қаржыландырылады. Несие лимиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6%, қаржыландыру мерзімі жабдық сатып алу және үй-жайларды жөндеу үшін - 7 жыл, айналым қаражатын толықтыру үшін - 3 жыл.
Шағын сәбіз өндіру үшін шикізатты Алматы және Жамбыл облыстарының, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстанның шаруаларынан сатып алу жоспарлануда. Цехтың өнімділігі 50% қуаттылықпен жұмыс жасағанда жылына 3 мың тонна дайын өнім береді. Жуылған, туралған және оралған шағын сәбіз 230 және 380 граммдық дербес пакеттермен сатылады.
Қазіргі уақытта «Эко Сани Грин» ЖШС мен гипермаркеттер, сондай-ақ Алматы қаласындағы жекеменшік мектептер арасында дайын өнімді сатып алу ниеті туралы келісімдер жасалды.
"Цех Қаланың Бостандық ауданында орналасады. Жергілікті өндірісті іске қосу тұтынушылар үшін қымбат шағын сәбіздің импорттық аналогтарын алмастыруға мүмкіндік береді, 15 жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді және жергілікті бюджетке салық түсімдерін арттырады", – деп атап өтті "Almaty Finance" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.