Skip to content
Проектілер » Тигрохауд

Тигрохауд

"Алматы" ӘКК еншілес ұйымы"Тигрохауд" нарығын жаңғыртуды аяқтауды қаржыландырады

"Алматы" ӘКК " АҚ еншілес ұйымы, "Almaty Finance" ЖШС Алматы қаласының Әуезов ауданындағы "Тигрохауд" киім базарын қайта жаңартуға 500 млн.теңге бөлді. Алынған қаражатқа "Фирма Тигрохауд" ЖШС паркингі бар заманауи урбанистика талаптарына жауап беретін сауда орталығының құрылысын аяқтайды.

Жобаны қаржыландыру реттелген сауданы жүргізу үшін жағдай жасауды көздейтін "Almaty Business – 2025" кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% – ((ЖЭС), қаржыландыру мерзімі-5 жылды құрайды. Несие "Қазақстан Халық Банкі" АҚ кепілдігімен беріледі.

Жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден асады.  Құрылысты 2025 жылдың сәуір айында аяқтау жоспарлануда. Қайта жаңартудан кейін барлығы 4 400 шаршы метрден астам коммерциялық жылжымайтын мүлік пайдалануға беріледі.

«Нарықты трансформациялау Қазақстан Республикасындағы сауда қызметін реттеу туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Алматыда 41 базар жаңғыртылды, тағы 9-ы қайта құру үстінде. Жаңғыртудан кейін «Тигрохауд» базарындағы жұмыс орындарының саны 100-ден 160-қа дейін артады, ал сауда орталығында сатушылар мен сатып алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалады», - деп атап өтті «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.